Чжэнчжоу қаласының вокзалындағы полиция қызметкерлері өз жұмыстарында арнайы көзілдірік пайдалана бастады. Ол полиция дерекқорында тіркелген қылмыскерлердің бет-әлпетін салыстырып, тануға көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
Показать содержимое по тегу: жаңа технология
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 30 пайызға артты. Білім саласындағы жаңартылған бағдарламасы аясында орын алып отырған жаңалық әзірге 1,2,5,7 сыныптың оқытушыларына ғана қатысты. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық сынып мұғалімдерінің еңбекақылары жоғарылайтын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Білім басқармасының басшысы И.Сағындықов мәлімдеді, - деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
Астана қаласының әкімдігі Telegram мессенджеріндегі «Smart Astana» чат-ботының мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді әрбір елорда тұрғынының виртуалды көмекшісі бөлімше полицейін оңай әрі жылдам табуға көмектеседі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.