Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады
08.02.2018, 18:10

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады ekd.me

Чжэнчжоу қаласының вокзалындағы полиция қызметкерлері өз жұмыстарында арнайы көзілдірік  пайдалана бастады. Ол полиция дерекқорында тіркелген қылмыскерлердің бет-әлпетін салыстырып, тануға көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Осы құрылғының көмегімен іздеуде жүрген 7 адам және жасанды құжатпен жүрген 26 жолаушы ұсталды.

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті. Себебі Қытайдың жаңа жылы келе жатқандықтан, вокзалдарда жолаушылар көбейе бастайды. Станциядағы күнделікті жолаушылар саны 90 мыңға жетуі мүмкін.

Осы уақыт ішінде адам ұрлап, іздеуде жүрген жеті адам қолға түсті. Сондай-ақ, жалған құжатпен жүрген 26 адам ұсталды.

Айта кетейік, бұрын қылмыскерлерді іздеу үшін бірнеше сурет керек болған. Ал арнайы құрылғының артықшылығы қылмыскерлерді тануда бір ғана суретті қажет етеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер