Показать содержимое по тегу: Отырар
Киелі өлкенің асыл топырағы мен ерлікке толы тарихын дәріптейтін "Қасиетті Отырарым" әнін қабыл алыңыздар!
Бұған дейін күміскөмей әнші Димаш Құдайбергенге ешкім ән арнамапты. Отырарлық Оңалбек ақсақалдың бастамасымен бұл олқылықтың орны толтырылды. Қабыл алыңыздар!
1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепті күміс белгіге бітірдім. Бір ғана орыс тілі пәнінен «4» болып, қалған сабағымның бәрі «5» болған. Мектепте оқып жүргенде мақала жазып жүретінмін. Соны ары қарай жалғастырайын деген оймен ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Сол кезде бір тәртіп бар еді, алғашқы емтиханнан «5» деген баға алса, қалған үш емтиханды тапсырмайды. Сонымен, бірінші емтихан шығарма болды, одан «5» алып, оқуға түсіп кеттім. Осылайша журналистика факультетінің студенті болып шыға келдім.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында 45 адамға 180 млн. теңге көлемінде несие берілген. Нәтижесінде мал шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты.
Осыдан біраз уақыт бұрын оңтүстіктегі белді басылымдардың бірі – «Замана» газетінің бетінен «Дөңгелек үй» жобасы Астанадан қолдау таба ма?» атты мақаланы көзіміздің шалғаны бар еді. Онда Отырар ауданының тумасы Бекбатыр Әйменов есімді қарияның төрт бұрышты әдіспен ғимарат сала берген дұрыс емес деп, көшпенділер өркениетінен тамыр тартқан өзіндік төл жобасын ұсынып жүргенін оқып білгенбіз. Silteme.kz ақпараттық порталы бұл мәселеге үңіліп көрді...