Whatsapp мессенджерінде уақыт үнемдейтін жаңа функция пайда болды
10.05.2018ж.

Whatsapp мессенджерінде уақыт үнемдейтін жаңа функция пайда болды

Whatsapp мессенджерінде уақыт үнемдейтін жаңа функция пайда болды Фото: Skesov.ru

Whatsapp мессенджерінде Instagram мен Facebook видеоларын көруге мүмкіндік беретін  қосымша функция пайда болды, деп хабарлайды Hi-Tech.

Енді қолданушыларға өзге қолданушы жіберген видеоны тамашалау үшін чаттан шығып кетудің қажеті болмайды. Видео «сурет ішіндегі сурет» режимінде тікелей қосымшаның өзінде ойнатылады. Қолданушы видеоны көріп отырып бір мезгілде достарына жібере алады.

Жаңа функция iOS және Android операциялық жүйесіндегі смартфон иелері үшін қолжетімді. Функцияны қолдану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеп алу керек. Бұл жаңарту Facebook-қа тиесілі түрлі сервистер арасындағы байланысты жеңілдетуге арналған.

Осыған ұқсас мүмкіндікті  Whatsapp мессенджері You Tube видеолары үшін былтырғы жылдың қарашасында іске қосқан болатын.

Сондай ақ, мессенджердың соңғы нұсқасында топ әкімшісінің функциялары да кеңейтілген. Енді топты құрған әкімші топ мүшелерінен бекіткен әкімшінің басқару құқығын кері қайтара алады. Сонымен қатар, топ әкімшісі топтың тақырыбын, суретін, топ сипаттамасын  өзгертетін  мүшелерді өздері таңдай алады. Бұл параметрлерді "топ  баптаулары" бөлімінен табуға болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер