WhatsApp мессенджері тағы бір жаңа қосымшаны іске қосты
30.03.2018, 11:14

WhatsApp мессенджері тағы бір жаңа қосымшаны іске қосты

App Store дүкенінде iPhone иелері WhatsApp қолданушыларының қайда жүргенін анықтайтын Chatwatch қосымшасы пайда болды. Бұл туралы baribar.kz хабарлайды.

 

Аталған қосымша WhatsApp тізіміндегілердің қай уақытта оянып, қай кезде ұйықтайтынын көрсетеді.

 

“Chatwatch қосымшасын туыстарыңыздың, достарыңыз бен қызметкерлеріңіздің белсенділігін бақылап отыру үшін пайдаланыңыз”, – делінген қосымшаның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Chatwatch тізімдегі адамдардың бір-бірімен сөйлескен-сөйлеспегенін анықтауға көмектеседі. Ол үшін қосымша бірнеше қолданушының мәліметтерін салыстырады. Осылайша Facebook компаниясы қолданушылардың мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатындарын көрсетпек.

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, қосымшаның бағасы – 1,99 доллар. Осы ақшаға қолданушылар WhatsApp тізімінде бар екі адамды бір апта бойы бақылауға мүмкіндік алады.

Мұнымен қатар, қосымшаның құрастырушылары жиналған ақшаның Дональд Трампқа қарсы бейкоммерциялық саяси ұйымды қаржыландыру үшін жұмсалатынын айтады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер