Арнайы құралдарсыз-ақ кәсіби фотограф болудың 18 қарапайым әдісі
13.03.2018, 15:10

Арнайы құралдарсыз-ақ кәсіби фотограф болудың 18 қарапайым әдісі

Әдемі суреттерді түсіруге арналған құралдар мыңдаған доллар тұруы мүмкін. Бірақ, әдемі кадрларды бұл құралдарсыз да жасауға болады. Егер сіз кәсіби фотографтар түсірген сурет секілді кадрларға қол жеткізгіңіз келсе, қарапайым әдістерді үйреніп алғаныңыз жөн.

Шыдамдылық танытып, бәрін өз қолыңызбен сәндеуге төзіміңіз жетсе, кәсіби фотографтардың арнайы құралдарысыз-ақ керемет кадрлар жасай аласыз.

Суретте алуан түрлі жарықтардың болғанын қаласаңыз қарапайым фольганы қолдансаңыз болады.

Ал судың астында ерекше кадрлар жасау үшін аквариумды қолданған жөн.

Ал ас үйде қолданып жүрген сүт сүзгішті ерекше көлеңке жасау үшін пайдалануға болады.

Бір тілім матаның және картонның көмегімен әдемі фон жасай аласыз.

Қыздар инстаграмға әдемі сурет салғыңыз келсе, осы әдісті қолданып ерекше кадрлар жасаңыз.

Осындай көрнекті суреттер жасау сіздің де қолыңыздан келеді.

Әсерлі жарық және шамдарды алып суретке түсуден қорықпаңыз.

Қарапайым картоннан жүрек кесіп жасаған.

Күннен қорғайтын көзілдірікті фильтр ретінде қолданыңыз.

Пакетке фазелин жағып, нәзіктікті көрсетіп тұратын сурет түсіріңіз.

Картон қағаздың көмегімен әр түрлі көлеңке жасауға болады.

Сым темір, скотч, таспалар көмегімен отты сақина жасаңыз.

Суреттегі тағам тәбетті ашсын десеңіз одан ыстық бу шығып тұрсын.

Үй тұрмысында пайдалатын пакетті көп жағдайда қолдануға болады.

Суретке түскенді жақсы көретіндер үшін керемет әдіс.

Полиэтилен пакетімен жасалған түрлі-түсті фильтр.

Скотч пен фломастер қолданып көрмегендер үшін жаңа әдіс.

Дереккөз: stan.kz 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер