Біз осы 10 кеңес үшін психологтарға қыруар ақша төлейміз
17.03.2018, 16:13

Біз осы 10 кеңес үшін психологтарға қыруар ақша төлейміз

Швецарияда психологтардың орташа жалақысы $ 88,304. Бұған қарап психолог мамандардың табысының жақсы екендігін аңғаруға болады.  Ал бұл мақалада осы мамандарға қыруар ақша төлеп еститін кеңестерді тегін ести аласыздар. Психологтан шыққан адамдардан не естігенін білгіңіз келсе тура осы кеңестерді еститін боласыз. Өйткені басқа нұсқасы жоқ болғандықтан емес, бұл көп адамдарға сай келетіндіктен. 



Мәселелердің басым көпшілігі бала кезден бастау алады. Ата анаңызға қараңызшы. Олардың өзін өзі ұстауы, өмірлік ұстанымдары қандай? Бұның барлығы сіздің мәселеңіздің шешімі болуы мүмкін. Өзіңізді олардың орнына қойып көру арқылы түсіністікпен қарайсыз.

Қалған мәселе сіздің санаңызда. «Оған былай жауап беруін керек еді»,  «ол бұлай істеді, өйткені...»  деген сияқты ішкі ойлар сіздің мәселеңіздің шешімі емес. Өйткені ол басқа адам, оның ойы мен шешімдеріне сарапшы бола алмаймыз.

Сезіміңіз бен не сезіненініңізді жақындарыңызға жиі айтыңыз. Олардың әрекеттерін ашық талқылау арқылы көп сауалға жауап ала аласыз.

Басқаларды емес, өзіңізді ойлаңыз. Өзіңізді басқамен салыстыру пайдасыз әрекет. Олар басқа. Олардың өз сезімдері, жан дүниесі мен дүниетанымы бар. Біреуге ұқсауға талпынудың қажеті жоқ, өзіңізбен өзіңіз болыңыз.

Жайлылық іздеңіз. Тұрмысқа шыққыңыз келе ме, кездесуге барыңыз. Жұмыс ауыстырғыңыз келе ме, сұхбаттасуға барыңыз. Не қызықтырады, не қалайсыз, соған ұмтылыңыз!

Шекара қоя біліңіз, оны аттатпаңыз. Көбінесе жақын жандармен мәселе өз шекараңыздан өткізіп алғандығыңыздың кесірі. Шешімдеріңіз бен ережелеріңізді сыйласын өзгелер. Шыдап жүре берсеңіз ештеңе өзгермейді, әрекеттеніп, амал қолдану керек.
Күнделікті кішкентай қадамдар жасап отырыңыз. Бұл әдетке айналса кішкентай қадамдар үлкен шешімге айналып, белестерге беттейсіз.

Осы оқиғаның арқасында неге үйренгеніңізді ойлаңыз. Әр нәрседен сабақ алып, әр адамнан бір ой түюге болады.
Бұл жайтты ойлап, жаныңызды жегідей жеудің қажеті жоқ. Болар іс болды, өтті, кетті. Егер жағдай өзгермейтін шарасыз күйде болсаңыз өзіңіз өзгеріңіз! Барлығы басқаша болады.

Өзіңіздің жетістігіңіз бен қатар тоқырауларыңызды да қабылдай біліңіз. Бастысы уақытңыз босқа өтпесін. Өмірлік сабақ пен тәжірибе боларсы сөзсіз.

Дереккөз: www.adme.ru

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер