Астанада бейнебақылау жүйесі енді қар тазалаудың да сапасын бақылайды
23.02.2018, 17:47

Астанада бейнебақылау жүйесі енді қар тазалаудың да сапасын бақылайды

Астанада бейнебақылау жүйесі енді қар тазалаудың да сапасын бақылайды astana.gov.kz

Астана мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қаладағы қар тазалаудың сапасын бақылайтын болды. Коммуналдық қызметтің жұмысын мониторингілеу қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен онлайн режимде жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА. 

3000-ға жуық камера қаладағы жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын бақылайды.   

 Тазаланбаған ауланы анықтаған жағдайда мониторинг орталығының операторлары ол жерге қар тазалайтын көлік пен жұмысшыларды жібереді. 

Бейнебақылаудың жалпы жүйесіне әзірге Үркер мен Көктал тұрғын алаптары ғана қосылған жоқ. 

Айтпақшы, тұрғындарға қолайлы болу үшін қаланың коммуналдық қызметіндегі қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүреді. 

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, қаланы қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 256 арнайы техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы астананың үш ауданынан полигонға 2 421 266 текше метр қар шығарылды.

Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселеге қатысты, оның ішінде қар шығару үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, саІІ-орталықтағы 109 номеріне қоңырау шалуға болатынын еске салады. 

Немесе: 

–«Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы (Smart Astana мобильді қосымшасын Android пен IOS-қа жүктеп алу үшін сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details … https://itunes.apple.com/us/app/smart-astana/id1080928295 …)

– Facebook-тегі чат-бот: http://m.me/astana109ігі

Сонымен бірге Астана әкімдігі үйдің жанындағы тазартылмаған қарды шығару үшін өз үйіңіздің ПИК (басқарушы компания) жүгіну қажет екендігін еске салады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер