Сіріңке қалай ойлап табылды?
18.12.2017, 09:30

Сіріңке қалай ойлап табылды?

Сіріңкені ХІХ ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкер ойлап тапқан. Бір қызығы, бұл кездейсоқ болған жағдай еді.

Басында Джон хирургтің көмекшісі болып қызмет етеді. Сосын ол химия саласына қызығушылық таныта бастайды. Оны ойландырған негізгі сұрақтардың бірі «отты алудың жолдарын табу» болды.

Бір күні ол сульфид пен сүрменің қоспасымен эксперимент жүргізуді жоспарлайды. Сосын ол қоспаны араластырып жатқан таяғын ойда-жоқта, қабырғаға жанап жібереді. Таяқтағы қоспаның қалдығы жанып кетеді. Міне, осылай сіріңке зертханада ойлап табылған екен.


Джон белгілі ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге «Конгрив» деген атау береді. Ол сіріңкені жасаумен кез келген адамның айналысуы үшін, өз жаңалығын патенттеуден бас тартады. Ал патенттеу идеясын оған атышулы физик Майкл Фарадей айтқан екен. Джон екі жыл ішінде өзі жасаған сіріңкенің қорабын  250 центке сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, Уолкер жаңалық ашып, танымал да, бай да болған емес. Оның аты өмірден озғаннан кейін белгілі бола бастаған.

© anatili.kazgazeta.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер