Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырды
24.04.2018, 10:57

Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырды

Әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарын ағылшын тілін үйренуге шақырды, деп хабарлайды Today.kz

"Ағылшын тілі қазіргі таңда маңызы зор тіл деп айтуға толық негіз бар. Өз басым қазір шетелде концерттерде іссапармен көп жүретіндіктен, ағылшын тілін шыңдау үстіндемін. Өйткені шет мемлекеттердегі тыңдармандарымның құлақ құрышын қандыру барысында ағылшын тіліндегі әндерді орындаймын. Әрқайсымыздың өмірімізде ағылшын тілінің алатын орны зор деп білемін, сол себептен баршаңыз ағылшын тілін жүйелі түрде дамытуға кірісіңіздер", – деді Димаш. 

Айта кетейік, Димаштың өзі қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер