Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының логотипі жарияланды
17.12.2017, 09:45

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының логотипі жарияланды

2022 жылы Бейжің қысқы Олимпиада ұйымдастыру комитеті 15 желтоқсан күні XXIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарының логотипін жарияды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің қаласындағы Ұлттық су спорты олимпиада орталығында өткізілген шараға Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің орынбасар премьері Чжан Гаоли, Бейжің қаласы әкімі және Бейжің қысқы Олимпиада ұйымдастыру комитеті төрағасы Цай Ци қатысты.

Синьхуа ақпарат агенттігінінің хабарлауынша, XXIV қысқы Олимпиада ойындары логотипі қытайдың «Қыс» (冬) деген иероглифіне ұқсатылып «қысқы арман» деп аталды. Ал XIII Паралимпиада ойындары логотипі қытайдың «Ұшу» (飞) әрпі негізінде жобаланып, «Самғау» деп аталды.

Айта кетейік, Бейжің қаласы 2015 жылғы Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясында 44 дауыс жинап XXIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізу мәртебесін жеңіп алды. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер