«QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларына кастинг жариялайды
02.11.2017, 15:25

«QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларына кастинг жариялайды

«QAZSPORT» телеарнасы спорт тақырыбын жетік білетін комментаторларға байқау жариялайды. Кастингке спорт саласын жақсы білетін және халыққа ойын еркін жеткізе алатын үміткер қатыса алады, деп хабарлайды silteme.kz.

Кастингтің мақсаты – қазақ және орыс тілдерін меңгерген  ойы ұшқыр комментаторларды табу.

Сондай-ақ телеарнаға:  велоспорт, футбол, баскетбол, волейбол, регби, хоккей, жекпе-жек және ұлттық спорт түрлерін жүргізе алатын комментаторлар қабылданатын болады; мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика және жүзуден өтетін шараларды жүргізу үшін комментатор–қыздар; бірнеше спорт түрінің қыр-сырын меңгерген әмбебап комментарлар болуы шарт.

Айта кетейік, бұл 4 жыл ішінде «QAZSPORT» арнасында өтетін 8-ші кастинг. Өткен іріктеулерде 400-ден аса үміткер қатысып, солардың ішінен таңдап алынғандары бүгінде арнамыздың комментаторлары болып жұмыс атқаруда. Олардың арасында:  Лилиана Әлжанова, Ербол Қайыров, Ерік Ерсін, Дидар Қадыров, Дмитрий Нестеренко және т.б. бар.  

Кастинг 2017 жылы 17-19 қараша аралығында Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 33А үйінде орналасқан «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді!

Түйіндемелер 2017 жылдың  15 қараша сағат 20:00-ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru электронды адресіне жіберу керек. Сондай-ақ, жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады. Корпоративті электронды пошталардан немесе басқа адамның электронды поштасынан жіберілген хаттар қабылданбайды.

Кастингке 22 жастан жоғары ҚР азаматтары қатыса алады. Әр үміткердің электронды поштасына белгіленген уақыты көрсетілген кастингке шақырту жіберіледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер