Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды
01.12.2016, 07:14

Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 18 жасар Жетісайлық жерлесіміз Садриддин Ахметов алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды inform.kz.

Ол «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде ел намысын абыроймен қорғады. Абыроймен деуге толық негіз бар. Ол әуесқой бокста көп кездесе бермейтін нокаудтар сериясын жасады. Литвалық және қырғызстандық қарсыластарын нокаудпен жеңді. Алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да айқын басымдылықпен алға шықты. Жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев шәкірті туралы:

«Садриддин алдыңғы жылдан бері менің командамда. Қазақстан чемпионы болды. Былтыр Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты болмағандықтан, тек ірі халықаралық турнирлермен ғана шектелдік. Испания, Германия, Сербия және Түркия елдерінде болып жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жаттығу жиындарында болып тәжірбиесін арттыра түсті. Айтпақшы, былтыр ол Азия чемпионатының алдында жарақат алып қалды. Бірақ, Украинадағы турнирде жеңіп шықты. Ахмедов қазір тәжірибелі боксшыға айналды» - дейді dodasport.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, білім мен өнердің, спорттың ордасы саналатын Мырзашөл өңірінен Бейжің олимпиадасында алтыннан алқа таққан Бақыт Сәрсекбаев пен Сиднейден алтынға бергісіз күміспен оралған Мұхтархан Ділдәбеков шыққан.  



Ұқсас сілтемелер

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер