Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті
16.03.2018, 09:10

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті prosports.kz

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды, деп хабарлайды ҚР ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА. 

Елордамызда өткен Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды:

ҚР Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президентін сайлау.

Осылайша, Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.

– Маған сенім білдіргендеріңізге рахмет! Әділбек Рыскелдұлы басқарған бір жылдың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Енді сол бастамаларды ары қарай жалғастырып, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын дамытуға тырысамыз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз өте көп. Мәселен, бірінші ретте спорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейміз. Жақын уақытта жеңіл атлетикаға бейімі бар барлық өңірлердің әкімдерімен кездесіп, сол аймақтардың жеңіл атлетика спортын дамыту жолдарын қарастырамыз. Соның ішінде, келесі жылы Семей қаласында Ұлттық құрамалар базасы дайын болады, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ, Кезектен тыс конференцияда ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер