- Кореяға келгеніме қуаныштымын. Бұл жарысты асыға күткен болатынмын. Мұнда мені қолдайтын жанкүйерлердің көп екенін жақсы білемін. Әрине, көрсеткен өнеріме көңілім толмады. Барынша тырыстым. Десек те, Пхенчханға келе алғаныма қуаныштымын. Себебі, бұның алдында көп қиыншылықтар болды. Соңғы рет Кореяға келгенімде балдақпен жүрген едім. Сондықтан нашар нәтижеге қарамастан спортшы ретінде мұнда келгенімнің өзі үлкен қуаныш. Ары қарайда көрсеткішімді жақсарту үшін аянбай тер төгемін.
- Олимпиада ойындарына қаншалықты дайын болдың?
- Шын айтсам, мен көп жаттықтым. Соңғы екі аптада белсенді дайындалдым. Аяғым қатты ауырғанына қарамастан күнде жаттығып жүрдім. Бар өнерімді көрсетпекші болдым. Тым көп жаттығып қойдым да, бірақ үлкен башпайымды қатты жарақаттап алдым. Тіпті жарыс кезінде башпайымды сезбедім. Пхенчханда сәтсіз өнер көрсеткеніме өкінемін. Бұл - өмір, бұл - спорт. Бәрі ойдағыдай өте бермейді.
- Бүгін Денис Тен мен Сочидегі Тенді салыстырсақ...
- Әр жыл сайын қиыншылықтардың бәрі артта қалады деп ойлаймын. Бірақ бұл арманым орындалмайды. Соған қарамастан, мен бұрынғыдай мәнерлеп сырғанауды жақсы көремін, жанкүйерлерімді құрметтеймін, жақсы нәтиже көрсетсем қуанамын, керісінше нашар нәтиже болса көңілім түседі. Мені түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен бірнеше ай бұрын ауыр жарақат алған болатын. Бірақ соған қарамастан спортшы Олимпиада ойындарына дейін айығып үлгерді. Қысқа бағдарламада Тен 70.12 ұпай жинап, жарысты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.