Пхенчхан Олимпиадасына арналған Қазақстан құрамасының киімі таныстырылды
17.01.2018, 02:34

Пхенчхан Олимпиадасына арналған Қазақстан құрамасының киімі таныстырылды

Пхенчхан Олимпиадасына арналған Қазақстан құрамасының киімі таныстырылды prosports.kz

Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауық кешенінің мұз айдынында 2018 жылғы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының киіп шығатын спорттық киімі таныстырылды. Бұл туралы prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына аттанатын спортшыларға берілетін спорттық форма жылы спорттық костюм мен шалбар, жылы жилет, спорттық, жаттығуға арналған және желден қорғайтын костюмдер мен өзге де киім-кешектен тұрады.

«Спорттық форманы таңдаған кезде біз әдеттегідей бірнеше талапқа сай болуына көңіл бөлеміз. Спортшы үшін форманың көпфункционалдылығы, материалдардың сапасы мен Олимпиада ойындары өтетін елдің ауа-райы ерекшіліктері ескеріледі. Бізге спорттық экипировка шығаратын бірнеше өндірушіден ұсыныс түсті. Оның ішінде жетекші еуропалық фирмалар да бар. Спорттық киімді жасау кезінде заманауи әдістерді қолданған жапониялық компанияны бірлесіп, ақылдасып таңдадық», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов.

Қазақстан құрамасына олимпиадалық форманы әзірлеу жапониялық «Mizuno» компаниясына тапсырылды. Компания 1906 жылдан бастап спорттық киім мен аяқ киім шығарумен айналысатын әлемнің ең ірі өндірушілерінің бірі. Жапониялық компания олимпиадалық қозғалысты 1964 жылғы Токио Олимпиадасынан бастап қолдап келеді. Сол уақыттан бері бірнеше Олимпиада ойындарында спорттық экипировкамен қамтамасыз еткен еді. Оның ішінде 1972 жылы Саппородағы және 1998 жылы Наганодағы Олимпиада ойындарына спорттық киім дайындаған.

Аталмыш коллекция ұлттық түстер мен дәстүрлі ою-өрнектерді қолдану арқылы арнайы Қазақстан құрамасына дайындалған. Спорттық форманы жасау кезінде заманауи әзірлемелер қолданылған. Оның ішінде компанияның бірегей «Breath Thermo» технологиясы (жоғары технологиялық талшықтар), инновациялық материалдар пайдаланылды. Осының арқасында қарқынды жаттығулар мен қолайсыз ауа-райы кезінде де мейлінше ыңғайлы болуды қамтамасыз етеді.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.

Олимпиада ойынында Қазақстанның көк туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шығады.

Батыр Баян Журналист

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер