Футболшы доп соққысынан қаза тапты
26.03.2018ж.

Футболшы доп соққысынан қаза тапты

Футболшы доп соққысынан қаза тапты Фото: kaz.vesti.kz

Хорватия чемпионатының үшінші дивизионында «Марсония» мен «Славония» командаларының арасында өткен матчта алаң иелері командасының ойыншысы Бруно Бобан кеудесіне доп тиіп, қаза тапты. Бұл туралы HRT Sport порталына сілтемемен 24.kz хабарлады.

Ойынның 15-минутында қатты соққыдан ұшқан доп Бобанның кеудесіне тиген. «Марсония» ойыншысы осыдан кейін құлап түсіп, оның маңында қалған футболшылар барған. Алғашқы көмекті оған клуб дәрігері көрсеткен, кейін жедел жәрдем келіпті, алайда олардың қанша күш салғанына қарамастан, 25 жастағы жартылай қорғаушыны аман алып қала алмады. Өлімнің нақты себебі айтылмайды.

Басылымның мәліметінше, Бобан «Загреб», «Славония» клубтарында өнер көрсетіп танылған. Қазіргі маусымда жартылай қорғаушының есебінде 12 соғылған доп бар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер