Азамат Айтқожин: Осындай қиын топта бірінші орын алу - үлкен жетістік
05.02.2018, 16:20

Азамат Айтқожин: Осындай қиын топта бірінші орын алу - үлкен жетістік

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа чемпионаты аясында өткен Ресейге қарсы нәтижелі ойнынан соң ұлттық құраманы құттықтады.

- Біз ойлағандай, Ресейге қарсы ойын команда үшін өте қиын болды,- деді Айтқожин. – Спортшылардың ойынға қандай көңіл күймен шыққаны белгілі болды. Ойын барысында туындаған қиыншылықтарға қарамастан спортшыларымыз ұлттық құрама намысын абыроймен қорғады. Голдар аз болса да, матч өте тартысты өтті. Осындай қиын топта бірінші орын алу - Какау шәкірттері үшін үлкен жетістік деп есептеймін. Алда ширекфиналдың ойындары бар және турнир барысында біздің команда тек алға ұмтылады деп үміттенемін. Ең бастысы команданы бүкіл ел қолдап тұрғанын ұмытпаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан – Ресей матчы 1:1 есебімен аяқталды.

Айбар Рысдаулет

©prosports.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер