ВИДЕО: Танымал футболшы алаңда жатқан нанды көтеріп, құрмет көрсетті
17.05.2018, 14:36

ВИДЕО: Танымал футболшы алаңда жатқан нанды көтеріп, құрмет көрсетті

Әлемдегі табысты ойыншылардың бірі, Лондон қаласының «Арсенал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Месут Өзил жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетіп жүріп, көрермендерді қайран қалдырған.

Мұсылман адамның нанға қалай құрмет көрсететінін әрекетімен дәлелдеп, жанкүйерлерді тәнті етті. Ағылшындардың аталған командасы Мадрид қаласының «Атлетико» футбол клубымен сәуір айының 26-сы күні жасыл алаңда бақ сынасқан болатын. Ойын кезінде жанкүйерлердің бірі нанның бір бөлігін алаңға қарай лақтырып жібереді. Футболшы болса нанды жерден көтеріп алып, маңдайына тигізіп, сүйіп, адам аяғы баспайтын жерге апарып қойған.

Дереккөз: ktk.kz 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер