Показать содержимое по тегу: ОҚО
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев Ресей елінің «Фудсиб» көтерме және бөлшек сауда кешенінің инвесторы Дмитрий Терешков бастаған делегациямен кездесті. Ондағы мақсат – өңіріміздегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін Ресейге экспорттау арқылы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.
Оңтүстік Қазақстан облысының шәкірттері 2017-2018 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды. Бұл туралы silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА.
Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 721,1 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға өсіп отырғандығын көрсетеді. Тапсырылған үйлердің 436,2 мың шаршы метрі - көпқабатты болса, 284,9 мың шаршы метрі - жеке тұрғын үй. Ағымдағы жылы 730 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті, - деп silteme,kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебев «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік саласын дамыту» форумына қатысу үшін өңірімізге арнайы келген отандық және шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті. Басқосуда қонақтар жолаушы тасымалдау мақсатындағы тың жобалары мен заманауи көліктерін таныстырды, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.