Оңтүстік Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ
02.02.2018, 12:28

Оңтүстік Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА.

Бұдан бөлек, спикер Түркістан қаласындағы тұрмыстық-шаруашылық жағдайға көмір жетіспейтіндігі туралы «Youtube» желісінде шыққан бейнежазба 2017 жылы болған оқиға екенін, бүгінде Түркістан қаласы бойынша көмір тапшылығының жоқтығын айтты.

«Түркістан қаласының жылу маусымына тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті көмір отынының керекті көлемі 90 мың тоннаны құраса, оның бүгінге қамтамасыз етілгені 85 мың тонна. Бүгінгі таңға, Түркістан қаласындағы көмір базаларындағы отынның қоры 1,4 мың тоннаны құрайды. Қосымша қалаға күнделікті көмір тасымалдануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнымен бірлесіп көмір тасымалдау барысына күнделікті мониторинг жүргізілуде», - деді М.Марайым.

Брифинг барысында басқарма басшысы өңір тұрғындары жылына тұрмыстық-шаруашылық көмірге қажеттілігі 1 млн. тонна екенін айтты. Оның 750 мың тоннасын тұрғындар  пайдаланса, 250 мың тоннасы жылы жайларға жұмсалады. Бүгінге облысқа 870 мың тонна көмір жеткізілген болса, оның 19 мың тоннасы көмір базаларында. Жалпы, облысқа күніне орташа 2,5 мың тонна шамасында көмір келеді.

Оңтүстік өңіріне тұрмыстық-шаруашылық көмір, негізінен Қарағанды облысының «Шұбаркөл» және Павлодар облысының «Майкөбе» кендерінен тасымалданады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер