Показать содержимое по тегу: ОҚО
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілуі 63 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жететін болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ермек Тәжімұрат мәлім етті деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысында "Ońtústik ónimi" байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теңге бағытталып, газ таратушы құбырларының құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталған. Онда нөмері 14-ші АГТС-тың құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр жүйелері тартылыпты. Сондай-ақ, 1 трансформатор, 5 жайтартқыш, 1 прожекторлы діңгек орнатылған. Сонымен қатар, контейнерге операторлық блок орналасса, жылыту торабы, автоматтық одоризация блогы орын тепкен, деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақылдастар алқасының» отырысы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиын «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбына арналды, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Көшіге ізет» күні аталып өтті. Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz АА.