ОҚО оқушылары республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды
07.02.2018, 10:43

ОҚО оқушылары республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды

Оңтүстік Қазақстан облысының шәкірттері 2017-2018 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды. Бұл туралы silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 29-31қантар аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен жарысқа өңірімізден 18 жоба бойынша 18 оқушыдан тұратын команда қатысты.

Конкурсқа қатысқан 18 оқушының барлығы да өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, оқушылардың 5-уі бірінші орын, 5-уі екінші орын, 7 оқушы үшінші орын алса, 1 оқушы номинация иеленді. Атап айтқанда, М.Х.Дулати атындағы үштілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясы, Н.Ондасынов атындағы № 38 мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп – гимназиясының оқушылары медицина, орыс тілі мен әдебиет және техника мен валеология секциялары бойынша бірінші орынға ие болса, биология, қолданбалы математика, химия және тарих пәндері бойынша екінші орынды алды. Ал Төлеби ауданы № 1, №2 мектеп-гимназиясы, Н.Ондасынов атындағы № 38 мектеп-гимназиясы, жекеменшік «Төржан» гимназиясы, С.Ерубаеват атындағы № 24 мектеп-лицейі, облыстық № 2 мамандандырылған үштілде оқытылатын мектеп-нтернаты әдебиеттану, этномәдениеттану, валеология, қазақ тілі мен орыс тілі және математика сексациялары бойынша жүлделі үшінші орынды алса, Кентау аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы физика пәні бойынша арнайы номинацияға лайықты деп табылды.

Байқауға еліміздің барлық облысынан және республикалық білім ұйымдарынан 500-ден астам оқушы қатысқан болатын. Ғылыми жоба жарысынан топ жарған оқушыларымыз мұнан соң, республикалық «Балдаурен» оқу–сауықтыру орталығының арнайы орындарында, суға жүзу, ойын, спорт және 3D кино залында болып, «Бурабай-Щучье» аймағы мен Бурабайдың ең көрікті орындары «Оқжетпес», «Жұмбақтас», Абылайхан алаңдарына арнайы саяхат жасап, бір серпіліп, жоғары көңіл-күймен қайтты.

Айта кету керек, 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Зерде» конкурсының негізгі мақсаты – оқушыларды жастайынан зерттеу жұмыстарына тарту, сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру арқылы олардың интеллектуалдық шығармашылық әлеуетін арттыру, оқушылардың жас кезінен бастап шығармашылық жобалау және зерттеушілік дағдыларын дамыту болып табылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер