Головкиннің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні ресми түрде хабарланды
08.04.2018, 13:18

Головкиннің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні ресми түрде хабарланды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін болды, деп жазады  Sports.kz. 

Бұл ақпарат Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) сайтында жарияланды. Кездесу HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетілетінін де айта кетейік. Дегенмен қазақстандық боксшыға қарсылас болатын мықтының есімі осы уақытқа дейін нақты аталмай тұр. Допинг қабылдады деген күдікке ілінген Сауль Альварес жуықта жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Қазір Головкинге қарсылас бола алатын екі кандидат тұр, олар: украиналық Сергей Деревянченко және ирландиялық боксшы Гэри О Салливан.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер