«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған
30.10.2020ж.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған

Оқушылардың, жастардың кітапқұмарлығы бағытында бірнеше үлгілі мектептерде үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлім етті. Бұл шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.

«Аймақтағы әкімшіліктер жыл сайын мектеп кітапханаларын 20 пайызға көркем әдебиетпен толықтырып отыратын болса, негізінен оқушылардың, жастардың кітап оқуға деген құштарлығын арта түсетінін байқап отырмыз. Мысалы, «Білім Инновация» лицейінде көптеген жаңалықтар енгізіліп отыр, оның ішінде «Оқу сағаты» деген жоба бар. Яғни әр күні мектепке келген оқушының 20 минуттай осы кітап оқуға құштарлығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар ішінара көптеген озық мектептерде де, үлгілі мектептерде де бар», - деді спикер.

Оның айтуынша, жобаны одан әрі республикалық деңгейге дейін көтеріп, дамыту үшін оған оқушылардан басқа, ата-аналарды да тарту керек. Осыған орай, олардың қызығушылығын арттыру бағытында Жол картасында үлкен іс шаралар өткізу жоспарланып отыр.

 

Дерек көзі: ortcom.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер