Зұлматты отызыншы жылдарды, ешкім, ешқашан ұмытпауы тиіс
31.05.2018, 18:01

Зұлматты отызыншы жылдарды, ешкім, ешқашан ұмытпауы тиіс

Миллиондаған қазақты жұтқан отызыншы жылдарды ешкім, ешқашан ұмытпауы тиіс!

1921-1922 жылдардағы аштық кезінде 1 млн. 700 мың адам қаза тапты.
1932-1933 жылдары 2 млн. 200 мың ашаршылықтан көз жұмды.
1920-1930 жылдар аралығында аштықтан, кәмпескелеуден, қуғын-сүргіннен қазақтар 4 млн.-ға жуық адамынан айырылды.
Ашаршылық жылдары Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыстанов, Ғ.Тоғжанов, Б.Айбасов, О.Жандосов сынды зиялылар 1933 жылдың 24 ақпанында Сталинге елдің ауыр халі баяндалған, тарихта «Алтаудың хаты» деген атпен әйгіленген хатты жолдаған. Осы хатта: «800 мың қазақ шаруашылығынан, яғни 4 млн. 800 мың адамнан 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылығы, 2 млн. 25 мың ғана қазақ қалды» деп атап көрсеткен.
Репрессия жылдары тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937- 1938 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген.
1937-38 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды.
КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылы ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессиясының азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде, аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған.
Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642 980 адам өлім жазасына кесілді.
2 369 220 адам 25 жылдан төмен мерзімге түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды.
776 180 адам жер аударылып, қуғын-сүргінге ұшырады.
Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып, жапа шекті.

Дайындаған: ”ЕлАна”



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер