Лениннен аумай қалған Абай ескерткішіне қатысты Степногорск әкімі түсінік берді
23.05.2018, 17:55

Лениннен аумай қалған Абай ескерткішіне қатысты Степногорск әкімі түсінік берді

Степногорcк қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев №6 мектеп-гимназиясының алдында орнатылған қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың бюст-ескерткіші айналасындағы видеоға түсінік берді деп жазады ҚазАқпарат.

Шаһар басшысының сөзінше, әлеуметтік желіде дауға іліккен бюстің орнатылғанына 40 жылға жуықтаған. Абайдың бюстіне дейін мектептің алдында ешқандай ескерткіш болмаған.

«Степногорск қаласының №6 орта мектебі  1977 жылы ашылды. Оның ашылуы 31 тамызда өтті, ҚазСРО Халыққа білім беру министрлігінің шешімімен мектепке А.Құнанбаевтың есімі берілген. Мектеп екі корпустан (бастауыш және жоғары блок) тұрады, 2000 оқушыға есептелген. Екі жылдан кейін Алматы қаласында атақты жазушы және ақынға бюст құйылды. 1979 жылы қазан айында бюст Степногорск қаласына жеткізіліп, сәулетшілердің жоспарлауы бойынша №6 орта мектептің алдына орнатылған», - деп мәлім етті Әнуар Күмпекеев.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Степногорск қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының аумағында тұрған Абай Құнанбаевтың бюст-ескерткішіне қатысты видео тараған болатын. Видео авторы А. Құнанбаевтың бюстін Ленинге ұқсатып, осыған жол берген адамдарды сынға алды. Оның айтуынша, мұның алдында бұл жерде Владимир Лениннің ескерткіші тұрған. Кейін басына тақия кигізіп, Абайға ұқсата салған. Автордың пікіріне желі қолданушылары қосылып, өздерінің наразылықтарын білдіруде.

Дереккөз: sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер