АҚШ Ресейдің 60 дипломатын елден шығарады
27.03.2018, 11:06

АҚШ Ресейдің 60 дипломатын елден шығарады

Ресей дипломаттарын өз елдерінің аумағынан шығару үдерісі жалғасуда. Ендігі кезек АҚШ-қа келіп жетті, деп хабарлайды Silteme.kz АА.

24.kz порталындағы хабарға қарағанда, АҚШ билігі Солсбери қаласында бұрынғы барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызына жасалған қастандыққа байланысты Ресейдің 60 дипломатын елден шығаратын болды. Олардың арасында БҰҰ өкілдігінде қызмет ететін 12 адам бар. Бұл туралы Ақ үй өкілі мәлімдеді. Талапқа сай олар ел аумағын 1 аптаның ішінде тастап шығуы тиіс.

Бұдан бөлек Канада мен Еуроодақтың 14 елі де осындай шара қолданатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 4 наурыз күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей Бас барлау басқармасының бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызына жүйкені зақымдайтын у беру арқылы қастандық жасалған еді. Осыдан кейін Лондон бұған Мәскеудің қатысы бар деп айыптап, Корольдіктен ресейлік 23 дипломаттың кетуін талап етті. Алайда Мәскеу тағылған айыпты жоққа шығарып, көп ұзамай Ұлыбританияның 23 дипломатын «персона нон грата» деп жариялады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер