Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
19.03.2018, 11:01

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге Ресей Федерациясының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Елбасы Владимир Путинді кезекті сайлаудағы жеңісімен құттықтады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, РФ президентінің сайлауы 2018 жылдың 18 наурызы күні өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, РФ іс басындағы президенті Владимир Путин президент сайлауында алдыда келеді. Учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларының 90% өңделіп, сайлаушылардың 76,41% Владимир Путинге дауыс бергендігі мәлім болып отыр.

Дереккөз: Қазақпарат

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер