Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды
06.03.2018, 16:02

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұжымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқылау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Мемлекет басшысының бастамалары әр отбасына жаңа тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін, жалақысы төмен жалдамалы жұмысшылар үшін салық ауыртпалығын азайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасы және студенттің өмір сүру жағдайларын жақсарту, микрокредиттерді кеңейту, сондай-ақ елдің одан әрі газдандыру мәселелерін қамтиды.

Іс-шара барысында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Абуов «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені бұл сала Тәуелсіз Қазақстанның конфессияаралық келісімі мен бірлігін құрудағы іргелі қабат болып табылады» - деп атап өтті.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Қасым» қоғамдық қорының президенті Аян Терешкулов өз баяндамасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайды және әрбір азамат үшін маңызды міндеттер қойды» - деп атап өтті. Өз кезегінде, Халықаралық Түркі Академиясының жетекші сарапшысы Тимур Козырев аталған үндеу қазақстандық қоғамның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қуатты драйвер екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер