Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді
25.02.2018, 15:03

Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Елордада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы бекітілді Фото: madanyatonline.com

Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық мәслихат депутаттарының Байқоңыр атауына қатысты ұсынысы республикалық ономастика комиисиясымен мақұлданды. Соңғы кездесуде Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Бақтыбай Тайталиев Астанада жаңа аудан құру қажеттілігін түсіндірді.

«Соңғы бес жылда Астана қаласының тұрғындары 35 пайызға өсіп, саны 1 миллион 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 000 гектардан астам жер қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептер, балабақшалар, емханалар, көлік жүйесі мен инженерлік инфрақұрылым салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады», - дейді Бақтыбай Тайталиев.

Қазіргі уақытта Астана Алматы, Есіл, Сарыарқа сияқты үш ауданға бөлінеді. Ал төртінші ауданның пайда болатыны туралы 2017 жылдың қараша айында белгілі болған еді. Қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, жаңа аудан соның ішінде 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

 

Сондай-ақ, отырыста қала экологиясы, елордаға газ тарту мәселесі, оның тиімділігі туралы да айтылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың бірқатар нысандары сұйытылған газбен жылытыла бастады. Алдағы жылдары Қызылордадан құбыр бері қарай тартылып, Қарағанды арқылы табиғи газ келуі тиіс. Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тартылмақ. Қоғамдық кеңес бұл жобаны бекітті.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер