Назарбаев Қытай арнасына сұхбат берді
13.02.2018, 08:12

Назарбаев Қытай арнасына сұхбат берді

Назарбаев Қытай арнасына сұхбат берді 24kz

Қазақстан президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ "Нұрлы жол" және "Бір белдеу, бір жол" бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

©sputniknews.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер