Дәурен Абаев 2017 жылы мемлекет тапсырысымен түсірілген телехикаяларды таныстырды
24.01.2018, 21:31

Дәурен Абаев 2017 жылы мемлекет тапсырысымен түсірілген телехикаяларды таныстырды

Дәурен Абаев 2017 жылы мемлекет тапсырысымен түсірілген телехикаяларды таныстырды Фото: Казахстанская правда

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге 2017 жылы министрліктің тапсырысы бойынша түсірілген телехикаялардың таныстырылымын жасады, деп хабарлайды silteme.kz.

Өз сөзінде Дәурен Абаев аталған жұмысқа министрліктің айрықша көңіл бөлетіндігі туралы айтты. Атап айтсақ, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2017 жылы 40 телехикая түсірілді. Бұл одан өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, халқымызыдң ұлттық құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік роликтерді түсіру жұмысы қолға алынды. Яғни, 2017 жылы 131 әлеуметтік ролик түсірілген. Бұл қазақстандық телевизия тарихындағы рекордттық көрсеткіш.      

Аталған шаралар отандық медиа-нарықтың шетелдік өнімге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған телехикаялар замануи қазақстандық қоғамда орын алып жатқан маңызды әлеуметтік құбылыстар туралы терең тақырыптарды қозғайды. Олар қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Бұдан басқа, Министрлік қазақ тіліндегі контентті өндіруге ерекше назар аударады, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілді дамытуға оң әсерін тигізуде. Мысал ретінде төрт телехикаяның видеожарнамалары көрсетілді. Олар: XVII ғасырдың басындағы қазақ батырларының өмірі жайлы баяндайтын «Батырлар жолы», XX ғасырдың басындағы дәуірлік оқиғаларды туралы сыр шертетін тарихи драма - «Тар-Заман», 60 сериядан тұратын «Асыл Арман» теленовелласы және діни лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресетін қазақстандық арнайы қызметтердің жұмысы туралы ақпар беретін «Қызыл деңгей» телехикаясы.      

Сондай-ақ, іс-шараға «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Карин, «Астана» телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев және КТК арнасының бас директорының орынбасары Дәурен Меркеев қатысты. Телеарналардың басшылары телехикаялар өндірісі және келесі жылға жоспарлары туралы әңгімелеп берді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер