Молдавияда Қазақстан жаңалықтарын көрсетпейтін болды
22.01.2018, 14:10

Молдавияда Қазақстан жаңалықтарын көрсетпейтін болды

Молдавияда ресейлік жаңалықтар, аналитикалық бағдарламалармен қатар Белорусь, Қазақстан, Бельгия, Дания, Нидерланды т.б. елдердің телеөнімдеріне шектеу қойылды. Өйткені, бұл елдер Ресей секілді Трансшегаралық телеарнаның еуропалық конвенциясын ратификацияламады, деп хабарлайды baq.kz

Мұнымен қоса, Молдавияның билік өкілдері дәл осындай талаппен телебағдарламалардың қайта көрсетілуін де шектеді. Өйткені олар өз елінде ресейлік жаңалықтарды мүлтем тоқтатып тастағысы келеді.

Тыйым салу туралы шешім ақпан айында күшіне енеді.

Молдавияның телеарна және радио үйлестіруші кеңесі радио және телеарналарға жаңадан қойылған талаптың орындалуы туралы есеп беруді тапсырды.

Осы шешімді орындау аясында телеарна және радио үйлестіруші кеңесі бағдарламаларына тыйым салынған елдердің толық тізімін шығарады.

Трансшегаралық телеарна туралы еуропалық конвенцияға осы уақытқа дейін 34 ел қол қойды.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Молдавия парламентінің спикері Андриан Канду елде ресейлік жаңалық, ақпараттық-экономикалық телебағдарламаларға тыйым салынатын заңды растады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер