Үкімет апострофтан бас тартуы мүмкін
20.12.2017, 09:31

Үкімет апострофтан бас тартуы мүмкін

Үкімет апострофтан бас тартуы мүмкін Фото: Қамшы порталы

Дәйекшесі бар латын әліпбиінің орнына жаңа нұсқа қабылданғалы жатыр, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz АА.

Ақпарат көзінің дерегінше, ел апострофты әріптерді жаппай қолдануға асықпағаны жөн. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті шешім қабылданбай жатып, істі асықтырғандарды сынға алды. Спикердің сөзі негізсіз емес. Латын бойынша, жұмыс тобы тағы бір нұсқа әзірлеп, қаңтарда Үкіметке таныстырмақшы екен. 

- Ұлттық комиссия қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ. Сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайдалануға әлі ерте, деп мәлімдеді ол.

Қазақстанды латынға көшіруі тиіс жұмыс тобы ең ұтымды нұсқа ұсынғанша, тұрғындар өз беттерімен амал қылып, дәйекшесі бар әліпбиімен көшені белгілеп, дүкендеріне атау беріп әлек. Президенттің 27-ші қазандағы латынға көшу туралы саяси шешімінен кейін, елде кезекті науқан басталып кетті. Көш алдында әзірге Маңғыстау облысының әкімдігі тұр. Мәселен Елбасы тиісті жарлыққа жұма күні қол қойды. Ал құжаттың сиясын кептірмей жатып, Ақтау әкімдігі дүйсенбіде маңдайшасындағы жазуын өзгертіп үлгерген.

Тарихи шешім қабылданған күні мемлекет басшысы да, жалпы латынға көшуді қолдаймын, ендігі кезекте мамандар өзара бітімге келуі тиіс деген-ді. Содан бері екі айға жуық уақыт өтсе де, ғалымдар бір пәтуа шығарар емес. Үнсіздікті дәйекше нұсқасы бекітілді деп түсінгендер жаппай халықты қайта оқытуға да кірісіп кеткен.

«Осылайша бүгінге дейін ұсынылған диграфтар да, дәйекше де көптің көңілінен шықпай тұр. Соңғысын халық тіпті «биттеген» әліпби деп жақтырмайды. Ал бұл нұсқаларды халық үшін әзірлеп жатқан ғалымдар болса, тағы бір жобаны қаңтарда үкіметке таныстырамыз деп жауап береді. Президент болса, 2025 жылға дейін жаппай көшуді, екі жылда бекітілген нұсқамен бала оқытуды бастаңдар деп мерзім қойды» деп хабарлайды ақпарат көзі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер