Берік Уәли жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу жүргізеді
14.04.2017, 10:53

Берік Уәли жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу жүргізеді

16 сәуірден бастап,  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге жол тартады.   «1 студия» бағдарламасының алғашқы хабары жексенбі 20:00-де эфирге шығады. Бағдарламаның жүргізушісі – белгілі тележурналист Берік Уәли, деп хабарлайды арнаның стратегиялық маркетинг департаменті.

Хабарламада жаңа бағдарлама тұжырымдамасына сай, берілген тақырыпты талқылауға төрт спикер қатысатыны айтылған. Яғни, хабар барысында студия қонақтарының арасынан мәселеге қатысты ой білдірем деушілерге де сөз берілетін болады. Ал, телекөрермендер эфирдегі тақырып бойынша дауыс беруге қатыса алады.

Жоба үш бөлімнен тұрады:

1-бөлім «Дат». Тараптар тақырып бойынша өздерінің датын айтады. Арнайы ведомство тарапынан келген мамандар уәжін айтады. Бұл бөлімде сөз жарысқа немесе сұрақ-жауапқа жол берілмейді.

2-бөлім «Айғақ немесе дәлел». Тараптар өздерінің ұстанымдарына қатысты, яғни, датқа немесе уәжге дәлел келтіреді.

3-бөлім «Түйін». Жүргізуші айтылған ой-пікірлерді ескере отырып қорытынды жасайды.

"Әр жексенбі сайын, 20:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» ток-шоуын жіберіп алмаңыздар!" делінген хабарламада.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер