Б. Сағынтаев өткен жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында бағдарламалардың әкімшілеріне уақытылы игеру мен жобалардың қатаң бақылауда іске асырылуы туралы тапсырма бергенін еске салды.
«Сондықтан да игерілмеудің негізгі себебі әкімдердің тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан деп есептеймін. Тағы бір мәселе – бөлінген қаражатты жоспарлау сапасы мен игерудің мерзімі. Қаржыландырудың екі жылдық жоспарында едәуір көлем екінші жылдың соңына қойылған, сол себепті мұны қалай ретке келтіруге болатыны туралы ойлану керек. Сондай-ақ, игерілмеу қауіпі бар шаралар бойынша қаражатты қайта бөлу ұсыныстарын енгізу қажет», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге облыс әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне қатысу үшін өңірлерді аралау кезінде міндетті түрде «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі нысандарының құрылыс барысымен танысып, өз есептерінде сол туралы атап өтуді тапсырды.