Ғалымдар суды отырып ішу керектігін ескертеді
02.04.2018ж. 13:14

Ғалымдар суды отырып ішу керектігін ескертеді

Ғалымдар суды түрегеп тұрып ішудің адам ағзасына зиян екендігін анықтады. Медициналық тұрғыдан зерттеген кезде адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болатын көрінеді. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның жұмыс істеуі екі түрлі жағдайға енеді.

 

Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігінде Вальдейер қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып, он екі елі ішекке өтеді. Яғни, қысқаша айтқанда, адам түрегеп тұрып су ішсе сұйықтық ешқандай кедергіден өтпей тікелей он екі елі ішекке өтеді.

Судың адам ағзасы үшін қаншалықты маңызды екенін айтудың өзі артықтық болар. Ал, оны түрегеп тұрып ішкенде сұйықтықтың адам ағзасына еш пайдасы болай қалады. Мәселен, адам суды отырып ішсе алдымен ол асқазанға жиналып, сондағы қышқылдармен араласып, құрамындағы микробтары өледі, содан кейін барып он екі елі ішекке өтеді.

Остырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген сырқаттардан сақтанады. Сол үшін көрінген жерден су алып, оны түрегеп ішу түрлі ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Түрегеп тұрып су ішудің зиян екенін ғалымдар енді анықтап жатса, исламда ол Пайғамбар кезінен мәлім. Өзінің хадистерінде Мұхаммед (с.ғ.с.) адамзат баласының су мен асты отырып ішу керектігін айтып кеткен. Мәселен:

«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588).

«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын», — деген. (Мүслим әшриба хадис 116).

baq.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер