Белгілі журналист шымкенттіктердің күллі Қазақстанды алапат экспансиядан сақтап отырғанын айтты
06.03.2018ж.

Белгілі журналист шымкенттіктердің күллі Қазақстанды алапат экспансиядан сақтап отырғанын айтты

Белгілі журналист Нұрбек Бекбау өзінің фэйсбук парақшасында шымкенттіктердің көптігінің оңды тұстарын атады, деп хабарлайды silteme.kz AA.

"Шындап келгенде, шымкенттіктердің көптігі - күллі Қазақстанды алапат бір экспансиядан сақтап отыр. Сенбесеңіз, Шымкенттің арғы жағына қараңызшы! Қарақұрым өзбек, тәжік отыр. Шаршау дегенді білмейді, қолынан келмейтін ісі жоқ. Егер, бергі бетте - сол өзбектен де өтіп кеткен пысық әм өте көп шымкенттіктер болмағанда, Қазақстанда мыңдаған "Сайрам" пайда болар ма еді?! 


Шымкент - адамдардан тұрғызылған қазақтың тірі қорғаны ғой. Бері қарай құлай салуға ентелеп тұрған мигранттардың нөпірін - еңбекқорлығымен, саудакерлігімен, өнерімен ұстап, өткізбей тұр. Бірде, ақын Бауыржан інім осылай деп еді. Рас сөз ғой, ып-ырас!" деп пікір білдірген ол. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер