Діни кикілжіңдер болмас үшін байсалды сараптамалар мен алдын алу шараларын қарастыру қажет – Е.Масанов
29.12.2016, 01:24

Діни кикілжіңдер болмас үшін байсалды сараптамалар мен алдын алу шараларын қарастыру қажет – Е.Масанов

Мультимәдениетшілдіктің түпкі мәні не? Оның біздің ел үшін қандай тәуекелдері бар?  Саяси-мәдени яки діни кикілжіңдер орын алмас үшін не істеу керек? Бұл сауалдарға ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, ҚазБСҚА ассоциациялаған профессор Еркін Масанов silteme.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында кеңінен жауап берген еді.

«Бүгінгі күнге дейін жаһандану үрдісі көпшілік тарапынан әртүрлі үрейлер тудырып қабылданбай келді. Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, алпауыт аждаһа сипатындағы бейне ретінде қабылданды. Алайда, осы жаһандану үрдісінің қажетті және заңды құбылыс екендігін мойындау керек. Өйткені, мултьтимәдениетшілдік яғни көпмәдениеттілік қазақ халқымен біте қайнасқан құбылыс десек қателеспейміз. Себебі, қазақ халқының әу бастан-ақ «Ұлы жібек жолы» бойында ғұмыр кешіп өзге ұлтармен ықпалдаса дамуда қалыптасқан салт-дәстүрінде әртүрлі мәдениеттермен өзара әрекетсуінің нәтижесінде өзін-өзі сақтау имунитеті қалыптасты», - деді ол әу дегеннен.

Оның айтуынша, халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - Қыдыр" деп қарсы алғанда, келген кісінінің қай ұлттан екеніне қарамастан, ең бастысы – оны адам ретінде сый көрсету дәстүрі ұлылықтың көрінісі.

«Біз бұл жерден қазақ халқының мультимәдениетшілдіктің түпкі мәнін түйсінген жоғары этикалық ұстындарын анғарамыз. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар екендігін ескеріп, бұл құбылыстың ел болашағына тигізетін қауіп-қатерін де анықтап, алдын алған жөн», - деп саралайды жас профессор.

Алайда, Е.Масановтың сөзіне қарағанда, мультимәдениетшілдік әлеуметтік-мәдени даму ұранына айналған Батыс Еуропа, АҚШ және Канада сияқты елдерде, ол идеология ретінде күткен үміті ақтамады деп байбалам салуда. Орын алған саяси-мәдени  кикілжіңдер, қазақстандық мультимәдениетшілдік үрдісті жан-жақты қарастырып, сараптап салиқалы мәдени жобалар жасаудың қажетілігі туралы ойға итермелейді. Себебі, бір ұлтты мемлекеттердің өзінде ұлтаралық қайшылықтар болған заманда, әртүрлі этностар мен мәдениет өкілдерінің ұстанымдары мойындалатын қоғамда мәдени-саяси мәселелердің туындайтындығы анық. Демек, бұл жағдаяттар мультимәдениетшілдік саясатта да қауіп пен қатерге ұласып отырған діни бостандықтың салдары сияқты кикілжіңдерге алып келмес үшін байсалды сараптамалар мен алдын алу шараларын қарастыру қажеттігі айқын.

«Жалпы күнделікті ақпараттық қоғамның қолданысына айналған мультимәдениетшілдік сөзінің төркініне тоқталатын болсақ. Мультимәдениетшілдік – жалпы белгілі бір ел мен әлемдегі мәдени әралуандылықты сақтауға бағытталған саясат пен осы ұстанымдағы саяси теория мен идеология.  Ал, мультимәдениетшілдіктің саяси либерализмнен басты айырмашылығы – әрбір этникалық және мәдени топтардың ұжымдық субъектілердің құқығын мойындауы. Айталық, мұндай мәдени және этникалық топтар мемлекеттегі жүріп жатқан үрдістерге толықтай араласып, саяси сайлауларда белсенділік танытып, мәдени ошақтар, оқу орындарын және т.б. шараларға білек сыбанып араласа алады», - деп бұдан әрі жалғады ғалым.

«Алайда, аталған бағытты ұстанатын елдер толлеранттылықты негізге ала отырып, бірнеше мәдениеттердің қатар өмір сүріп, өзара қарым-қатынасты арттырып дамуы мен баюына мүмкіндік береді. Мультимәдениетшілдік көбінесе Батыстық дамыған елдердегі, «үшінші әлемдік» елдерден келетін иммигранттармен байланысты орын алады. Бұл үрдістер АҚШ және Канада сияқты мемлекеттерде айқын көрінісі тапқанымен, ресмилік басым болып, түптеп келгенде өзіндік мәдени саясатын ұстануға ұмтылады. Біз де осы бағытты басшылыққа алуымыз керек», - деп атап өтті Е.Масанов.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер