Оған физикалық кемшілік кедергі емес, өнерге деген махаббат тұрғанда
28.10.2016, 09:29

Оған физикалық кемшілік кедергі емес, өнерге деген махаббат тұрғанда

Аргентиналық музыкант физикалық кемшілігін жеңіп, әлеуметтік желілерде кең танылды. Сөйтіп, өз үлгісімен дүниежүзіндегі барша мүгедек жандарға рух беруде, деп хабарлайды sputniknews.

Аргентиналық музыкант Эдуардо Пандольфо оң қолының туа бітті кемдігіне қарамастан, толыққанды басист атанды. Оның Youtube-тағы бейнежазбаларын күн сайын мыңдаған адамдар тамашалайды. Алайда Эдуардоға қиын тиетіні физикалық кемшілігімен күресу емес, айналасындағы өзге адамдардың ала көзіне қарсы тұру деп хабарлайды Sputnik Mundo. Пандольфо 60 жыл бұрын "талидомид апаты" өршіп тұрған кезде дүниеге келді. Бұл кезеңде, яғни 1957 мен 1963 жылдар аралығында көптеген әйелдер жүктіліктің бастапқы кезінде жүрек айнуын басу үшін талидомид қабылдаған. Бұл дәріні қолдану салдарынан, дүние жүзіндегі мыңдаған балалар кемтар болып туылды. Пандольфо фокомелия туа бітті сырқатына шалдыққан, яғни  оң қолы толық жетілмеген. Эдуардо кішкентай күнінен музыкаға құмар болыпты. Ол ән айтып, саусақты қажет етпейтін ауыз сырнайда ойнап үйренген. Бірақ 17 жасында алғаш рет қолына бас-гитараны алып, содан бері тастамай келе жатыр екен. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер