Аиша декретте: Бүркіт алғаш рет жалғыз өзі бейнеклип түсірді (ВИДЕО)
17.05.2018, 18:03

Аиша декретте: Бүркіт алғаш рет жалғыз өзі бейнеклип түсірді (ВИДЕО)

Жақында ғана қызды болған Бүркіт жаңа әнге бейнебаян түсірді. Алайда  жанынан бір елі алыстамайтын Аишасы декреттік демалысына байланысты бұл жолы экраннан көріне қоймады.  

«Күнде Күнде». Түсіндірмесем де, бейнебаянның мағынасын түсінерсіз. Армандайсың ба? Ендеше, арманыңа берік бол да, соның орындалуына барыңды салып әрекеттен. Өйткені, міндетті түрде ақталады. «Күнде Күнде» атты жаңа туындымды ұсынамын», – деп бөлісті Бүркіт.

Клиті 1 күн ішінде 11 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген. Көпшілік жаңа туындыға жағымды пікір қалдырып жатыр.

«Стиліңіз жарасады өзіңізге. Осындай мағынасы бар клиптерді көбірек түсіре беріңіз! Тек қана алға, тоқтаманыз!», «Керемет түсіріпті. Балаларын тастап жүрген әкелерге сабақ болады екен», – деп жазды тыңдармандары.

Дереккөз: sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер