ВИДЕО: Адам өлтіріп, оның қанымен сурет салып келген
10.04.2018, 15:09

ВИДЕО: Адам өлтіріп, оның қанымен сурет салып келген

Венесуэланың Миранда штатындағы Барловенто аймағының билігі адам өлтіргіш суретшіні құрықтады.

Каннибал сурет салғанда қан мен күлді пайдаланған.

Қылмыскердің айтуынша, оны салт-жора жасауға жалдаған.  Луис Альфредо Гонсалес ферманың қожайынын өлтіргенін мойындады. Айтуынша, қожайын оны өзі жалдап алып, өлтіріп, сосын қанын сурет салғанда қолдан деп тапсырған көрінеді. Венесуэла полициясы қылмыс болған жерде өлген адамның күлі мен денесінің қалдықтарын тапты. Гонсалес сурет салғанда фермердің қаны мен күлін пайдаланыпты.  

Сондай-ақ басқа да адамдардың мүрдесінің қалдықтары мен белгісіз адамдардың төлқұжаттары табылды. Полиция енді құжаттардың иесін іздеуге кірісті.  Каннибал суретшінің картиналары сараптамаға жіберілді.

Дереккөз: ktk.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер