ҚазАТЗУ

Показать содержимое по тегу: ҚазАТЗУ

Фотографтардың арасында селт еткізер сәттерді түсіріп қана қоймай, оқиға туғызатындар бар. Осындай таланттардың ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 21 жастағы студенті Данил Акрамов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Осы жолы халықаралық байқауда оның жұмысы 35 марапатқа ие болып, «Қала пейзажы және сәулет» аталымы бойынша әлемнің үздік 35 фотосуретінің қатарына енді.

Бұл жас фотографтың бірінші жетістігі емес: өткен жылы Данил «Мобильді фотосурет» номинациясы бойынша қазылар алқасын (әлемдік танымал фотографтарды) таң қалдырып, әлемдегі ең үздік 100 фотографтың қатарына енген. Дегенімен, Данилдің бұл жетістігі - оның таланты мен кәсіби шеберлігінің айғағы.

Жеңіс – жетістікке жетелейді. Бұл жолы жас фотографтың объективінен Нью-Йорктің атақты сәулетшісі Марк Форнстың «Минима Максима» атты керемет инсталляциясы көрініс тапты. Сурет ағымдағы жылдың қаңтар айында Астанадағы «EXPO 2017» көрмесінің аумағында түсірілген. Бұл сәулет нысаны Данилді өзінің ғылыми-фантастикалық сипатымен «селт еткізді». Оның пікірінше, бұл заманауи технология мен жасанды интеллект дамуының символы.

Бір қызығы, бұл фотоның өте жоғары сапалы кәсіби камерамен емес, «Xiaomi 13T» смартфонымен түсірілуі - бұл фотосуреттің «Қала пейзажы және сәулеті» санатындағы ТОП 35 үздік фотосуретке енуіне кедергі болмады. Керісінше, Данил өнер туындыларын жасау қымбат фотоаппаратты қажет етпейтінін, ең бастысы шабыт пен кадрдың сұлулығын жеткізуге ұмтылыс жасаудың маңыздылығын дәлелдеді.

9-шы 35AWARDS фото байқауының нәтижесі бойынша Д.Акрамов «Қала пейзажы және сәулеті» бойынша әлемдегі ТОП 70 фотографтарының және Қазақстандық фотографтар арасында ТОП-10 қатарына енді.

-  «Менің қалыптасуым мен дамуыма әсер еткен, университетіме, өзінің  дана басшылығымен мені сара жолға салған университет Ректоры Қ.М.Тіреуовке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Жақын адамдарымның менің табысыма қосқан үлестері шексіз. Осының өзі мен үшін мақтаныш сезімін туғызады», - деп түйіндеді Данил Акрамов.

Данил өзін қоршаған ортадағы адамдардың жүздерін туынды ретінде қабылдай алады. Сөйтіп, ол өз ісінің шынайы шебері ретінде - әрбір сәттің эмоциясын, ішкі иірімін жеткізе алады. Ол біздер, қарапайым адамдар, көзіне де ілмей өтіп кететін фотосуретке лайық әсемдікті көре алады. Данилдің фотосуреті бізді бір сәтке тоқтатып, жан дүниеңді тыныштандырып, айналамызға көз салып, әрқайсымыздың маңымызда қаншалықты сұлулық, қаншалықты мағына бар екенін түсінуге итермелейді.

Статистикаға сәйкес, 2023 жылығы 35awards байқауы бұрынғыдан да үлкен танымалдылыққа ие болып,  оған 174 елден 111,3 мың қатысушы кіріп, олардың жұмыстары шамамен 465,7 мың фотосуретті құрады. Бұл фотосуреттер әлемінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын және бұл өнердегі бәсекелестіктің қаншалықты күшейгенін айқын көрсетеді.

Опубликовано в Әралуан

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының жалпы рейтингінде 2024 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті екінші жыл қатарынан 3-орында келе жатыр.  

«Бакалавриат білімінің ЖОБ (білім беру бағдарламаларының топтары) бағыты бойынша «ҰҒАО» КЕМ өткізген Қазақстан Республикасы ЖОО-на сұраныстың тәуелсіз рейтингінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – 2024 жылы 1,2,3, 4, 5 орындарға ие болса, магистратура бағыты бойынша ЖОБ 1,2,3,4,5; докторантура бағыты бойынша ЖОО рейтингінен ЖОБ 1,2,3 орындарда» деді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.

 Осылайша, өткен 2023 жылмен салыстырғанда бакалавриат бағдарламасы бойынша 1-орындар саны 5-ке өсті. Жалпы алғанда, университеттің білім беру бағдарламасындағы топтары (білім беру бағдарламалары топтары) алған 1-3 орындардың көлемі бойынша 2024 жылы 3 орынға (2023 жылы – 56, 2024 жылы – 59) жақсарды.

ҚазАТЗУ оқытушылары А.Д.Мехдиев, С.Ә.Джатаев, Ә.Б.Хабдуллин «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы» бойынша жалпы рейтингінің 50 үздіктері қатарына енді.

Опубликовано в Әралуан

       QS World 2025 әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің нәтижелерімен таныстырды. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігінің мәліметінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түскен. 2025 жылы QS рейтингінің іріктеуіне әлемнің түкпір-түкпірінен 5 663 университет іліксе, оған Қазақстанның 21 университеті енген.
       С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің орны биыл біршама жоғарылады. Университеттің жұмыс берушілер арасындағы беделі 130 позицияға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша әлемнің ең үздік 800 университетінің қатарынан көрінді. Бұл бағыттағы жетістіктің көзі – жұмыс берушілер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларының сапасына сай сұранысының артуында. «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижесі осыған дәлел. Осылайша, 2023 жылы бұл рейтинг бойынша, университеттің 15 білім беру бағдарламасы қолдауға ие болып, оның ішінде 9 білім беру бағдарламасы ең жоғары орынға шықты. Аккредиттеу және рейтинг жүргізетін тәуелсіз агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстандық университеттердің жалпы рейтингісі бойынша Сейфуллин университеті еліміздегі ең мықты үш жоғары оқу орнының бірі. «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR) - 2023» халықаралық рейтингінде Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сегізінші орында.
       "С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ білім беру бағдарламаларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі оның оқу процесіндегі міндетті практикалық құрамдас бөлігімен қамтылуында. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс, дуальды оқытуды жүзеге асыру, жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу - университет түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуде" деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.
       Студенттерге арналған тәжірибе базаларына еліміздің 140-тан астам ірі кәсіпорны кіреді. Олар: «Агрофирма Родина» ЖШС, «Атамекен-Агро» АҚ, «Астана-Өнім» АҚ, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «ЖасылАймақ» РМК және т.б.
       Германия үкіметінің және Германияның Ниенбург қаласындағы DEULA-Nienburg ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе-оқыту орталығының қолдауымен университететте LOGO e.V коммерциялық емес бірлестігі аясында шетелдік тәжірибе базалары құрылған. Осылайша, 2022-2023 оқу жылында студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылында ҚазАТЗУ 28 студенті Германияның жетекші шаруашылықтары мен кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге шақырту қабылдаса, биылғы 2024 жылы олардың саны екі есе өсті.
       Әлемдегі ең беделді QS рейтингінің нәтижелері, осылайша, ел экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған университет дамуының дұрыс бағытта екендігін айқындайды.

Опубликовано в Әралуан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер