Показать содержимое по тегу: филфак
Биыл ақпан айының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде салаға қатысты бірқатар мәселелерді сөз етіп, соның ішінде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берген еді. Президент өз сөзінде «Үкімет пен Парламент өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуі тиіс» дей келе, жиындарды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету жайын да тілге тиек еткен болатын.