Показать содержимое по тегу: тарихы
Шығыс күнтізбесінің Жаңа жылы – Наурыз мерекесіне де аптадан аз уақыт қалды. Ал, Қазақстанның біраз өңіріндегі жұрт жыл басын бүгін, 14 наурыздан бастап тойлап кетті. Еліміздің батысында жұрт Наурыздан бір апта бұрын бір-бірімен көрісіп, ыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды. Соңғы жылдары көрісу күні әр аймақтан бір естіліп жатқанмен, "Амал" мерекесі деп аталатын бұл ғұрыпты Батыс Қазақстандағы халық қана сән-салтанатымен тойлайды.
Ертеде тауқұдірет деген құс болыпты. Оның жалғыз ғана қанаты бар екен. Бірі еркегінің оң жағына, бірі ұрғашысының сол жағына бітіпті. Ол кезде Қамбарханның домбырасында жалғыз ғана ішек болыпты.
Тәжірибелі автоәуесқойлар көлігін жиі ауыстырғанымен, сол көліктердің шығу тегіне үңіле бермеуі мүмкін. Машина маркалары қайдан шықан? Олар неге олай аталған? Автоәуесқойларды осындай сауалдар мазалайтыны анық. Олай болса, біз сол туралы оқып көрейік.
Қазақстан Республикасындағы таеквондо тарихының дамуы
Таеквондоның тамыры тереңде жатса да, жеке жауынгерлік өнер ретінде жуырда ғана рәсімделді. Қазақстанда ресми түрде жекпе-жектің бұл түрі кейінірек, 1991 жылы пайда болды. Сол кезде жас, әрі өз бетімен дамуды қолға алған республикамызда таеквондо федерациясы (WTF) құрылды. Спорттық ұйымның іргесі әлемге аты танылған екі адамның: Мұстафа Өзтүрік пен Бексеиіт Түлкиевтің атымен тығыз байланысты.