«Қарағанды аяқ киім фабрикасы» айына 4 мың жұп аяқ-киім тігеді деп хабарлайды baq.kz.
«Қарағанды аяқ киім фабрикасы» жылына 50 мыңға жуық аяқ-киім тігеді
Бұл туралы ҚР Индустрия және даму министрілігіне қарасты Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі ұйымдастырған баспасөз-туры кезінде журналистерге кәсіпорын басшылығы айтып берді. «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС 2011 жылы ашылған. Бұл кәсіпорын еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы үздіктердің бірі. Бұл фабрика қазіргі таңда кенді өңірдегі өндіріс ошақтарының сұранысын толыққамтамасыз етіп отыр. Фабрика дәл қазір айына 4 мың жұп аяқ-киім тігеді. Кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейтуге дайын екендігін айтады. Бірақ ондай көлемді сұраныс әзірге жоқ. Сондықтан осы көлемде шектелуге тура келіп отыр екен.
«Біз ірі кәсіпорындармен жұмыс істейміз. Олардың ішінде «Қазақмыс», «Арселор Миттал» бар. Сондай-ақ шағын кәсіпорындармен де серіктес болуға дайынбыз. Әзірге жайлап осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлығына біздің аяқ-киімдер ұнайды. Фабрика қазіргі таңда айына 4 мың жұп аяқ-киім тігеді. Бір жылда шығаратын өнім көлеміміз 50 мыңнан асады. Өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. Бірақ оған сұраныс жоғары болу керек. Әзірге тапсырыс көлемі осы жобада. Егер ондай мүмкіндік болса, қосымша жұмыс күшінде алар едік», – дейді «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС директорының орынбасары Ғосман Арынғазинов.
Фабрикада қазіргі кезде 60 адам еңбек етеді. Олар тек арнайы аяқ-киім тігумен ғана айналыспайды. Ерлер киетін аяқ-киімдерді тәжірибе жүзінде шығарып көруде екен. Ал әйелдер мен балаларға арналған аяқ-киімдер шығару туралы жоспарда жоқ көрінеді.
Бізбен бірге фабриканы аралауға келген қонақтардың арасында ERG компаниясына қарасты «Шұбаркөл Көмір» АҚ компаниясының коммерциялық және әлеуметтік мәселелер бойынша басқарма бастығы Эргеш Ысқақовта болған еді. Ол фабрика тауарларына қызығушылық білдіріп, «Қарағанды аяқ-киім фабрикасынан» жылына 4000 жұбын алуға дайын екенін айтты.
Кәсіпорын осы күнге дейін тек жұмыскерлерге арналған бәтеңкелер мен етіктер тігіп келген. Жыл басында мұнда тағы бір жаңа желі іске қосылып, модельді аяқ киімдер шығарыла бастады.
1940 жылы соғыс уақытында Қарағандыға Украинаның Артемов қаласынан аяқ-киім фабрикасы көшіріліп әкелінген болатын. Сол кезде фабрика соғысқа қажетті барлық аяқ-киімді тігіп беріп отырған еді. 1963 жылы күніне 5 мың жұп аяқ-киімге дейін тігілген көрінеді. Жылына 3 миллионнан астам жұп аяқ-киімге дейін шығарылғаны тарих беттерінде жазылып тұр. Ол фабрика 1995 жылға дейін жұмыс істеп тұрды. Одаққа аты тарады. Бірақ 90-жылдардағы тоқырау кезінде жабылып қалды. Енді, сол фабриканың ізін жалғастырушы жаңа кәсіпорыннан да толағай табыстар күтеміз.
Айта кетейік, баспасөз-турын ұйымдастырған Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі отандық өнделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді ішкі нарықтағы шығындарды өтеп келеді екен. Ол үшін өтеуге ұсынылатын соманың 50 %-ы үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде болғаны құжатпен расталуы керек. Биылғы жылдың өзінде 82 отандық кәсіпорынның шығындарын өтеп берген. Жалпы 131 кәсіпорын өз ұсыныстарын жіберге. Қалғандарының шығынын келесі жылы қаржы түскенде өтеуді жоспарлап отыр.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13