Самса тәтті, ал саудасы қаншалықты сәтті?
23.04.2018, 11:58

Самса тәтті, ал саудасы қаншалықты сәтті?

Кез-келген қаладан 3 нәрсені ең жиі кездестіреміз: төлем терминалдары, сұлулық салоны және самса сататын дүңгіршектер. Алғашқыларының қалай пайда табатындығын жорамалдауға болады, ал соңғысының табысы қанша болуы мүмкін екендігіне аса көп ойланбаймыз да. Шынында, самса сатып пайдаға кенелуге бола ма? Бір дүңгіршегін ашу үшін қанша қаржыңыз болуы керек? 7kun.kz сіз үшін есептеп көрді. 

Есептеуімізше, самса сататын дүңгіршек ашу үшін сіздің кем дегенде миллион теңге алғашқы капиталыңыз болу керек.

Алғашқы шығын жалға алу орнына жұмсалады. Самса сататын дүңгіршек ашу үшін, әрине, көпшілік орындар таңдалады. Мәселен, Алматы қаласындағы Саяхат автовокзалы маңайындағы жалға алу құны – 300 000 мың теңге. Одан бөлек, самса пісіру үшін пеш, қалбыр, тоңазытқыш және самаурын алуыңыз қажет.

Снимок

Жоғарыдағылардың барлығын алғашқыда бір рет қана жұмсалатын шығындар. Бірақ ай сайын коммуналдық төлемдер және қызметкеріңіздің жалақысы болатындығыны ұмыпау қажет.  Аспаз өзіңіз болсаңыз тек сатушыға ғана еңбекақы бересіз.

Снимок

Сондай-ақ негізгі қаржы азық-түлікке жұмсалады. Самса пісіруге кететін қоспаларды сатып алу

12380028_752865434843803_654154818_n

Самсамен қосымша сатылатын сусындарды сатып алу

12431768_752865418177138_1290300290_n

Самсаны сату барысында жоғарыда көрсетілген тағам шығындарын өтеу мақсатында баға белгіленеді. Шығындарды жабу үшін самсаның бірнеше түрі сатылады. Сондай-ақ, қосымша шай, сусын, кофе түрлері бар.Снимок

Сонымен сіздің ай сайынғы шығындарыңыз: 932 000 Ай сайынғы табысыңыз: 1 008 000 Таза табысыңыз: 76 000

Самса сататын орынды ашу үшін қаражат табу

Егер сізде меншікті қаражат болмай, бірақ жеке бизнес ашуға деген ниет болса қосымша капитал тартудың бірнеше нұсқалары бар:

ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14 пайыздық мөлшермен, 18 айда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарына несие алу қажеттілігін анықтады.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер