Ақпарат көзінің мәліметтеріне қарағанда, 27 жастағы келіншек Лидиан Лейте қала бюджетінен 6 миллионға жуық доллар ұрлап қашып кетіп, WhatsApp арқылы мэрия қызметкерлеріне тапсырма беріп келген.
Лидиан Лейтені 2012 жылы Мараньян штатындағы ең кедей қалалардың бірі Бом Йардим қаласының мэрі етіп тағайындаған, - деп жазады Independent. Ол бұл қызметке өзінің көңілдесі 44 жастағы Умберто Дантос дос Сантостан кейін тағайындалған. Бұған дейін Умберто қаржылық махинация жасады деген күдікпен қызметтен қуылған болатын. Əйел мэр болып тағайындалған соң Умбертоны өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған. Осыдан кейін ол тағы да қаланың барлық жұмысына араласып, басқарып келді.
Аталмыш жұп қала бюджетіне қол сұғып, тұрмысы нашар отбасының балалары оқитын мектептегі азық-түлікке бөлінген қаржыны ұрлаған. Тап осы мектепте тамақсыз қалған балалардың шағымы биліктің назар аударуына себеп болды. Бұнымен қатар əйел əлеуметтік желіде бай-бақуаттылығымен мақтанып отырған.
2015 жылы Лейте мен Санто ажырасып, еркек мэр кеңесшісі лауазымын босатты. Біраз уақыттан соң Лейтені қамауға алу туралы шешім шыққанда Лейте бас сауғалап Сан-Луис шатындағы қалаға қашып кетті. Бірақ ол қол астындағы қызметкерлерге мессенджер арқылы тапсырма беріп отырған.
39 күннен кейін Лейте ақыры полицияға ұсталып, Санто екеуіне қатысты тергеу екі жылға созылды. Ақыр соңында сот үкімі шықты.