Экс-әкім әлеуметтік желіде трендке айналды
17.02.2020ж.

Экс-әкім әлеуметтік желіде трендке айналды

Асқар Мырзахметовтың Жамбыл облысы әкімі қызметінен өз еркімен кеткеніне бүгін тура бір апта болыпты.

Гульжан Байтанаева фейсбук парақшасынаң алынды, деп хабарлайды spiker.kz.

Ондағы мәтін төмендегідей: 

Әрине Қордайда болған келеңсіздікпен байланыстырғанымызбен осындай сын сәтте батыл шешім қабылдауы азаматтық тұрғыдан орынды деп есептеймін. Айтпағым арада апта өтсе де әлеуметтік желідегі халықтың ықылас-пейілінің бір толастамауы.

 

 

Әсіресе ФБ пен Инстада «әкімді қайтарайық» деген постар мен пікірлерден көз сүрінеді. Тіпті АСП алатын аналардың әкімдікке келіп көздеріне жас алып қоштасуы бұрын соңды болмаған ерекше жағдай. Мұның барлығы екі жылғы еңбегіне берген бұқараның шынайы бағасы деп білемін. Біз қанша айтсақ та, әкім мемлекеттің солдаты. Президент қай саланы сеніп тапсырады сонда барады.

 


Бір аптада Асқар Исабекұлына арнап жазылған постардағы пікірлерді шамамен саралап көрсем Инстаграмдағы Тараз қаласына тиесілі («onlinetaraz», «zellotaraz», «tarazlife», «taraztoday» сынды) 10-нан астам паблик топтар мен фейсбуктің белсенді қолданушылары 50000 ға жуық пікір, 98600 лайк, 2091 репост (бөлісу) және 160117 қаралым жинапты.

 

 

Бұл дегеніміз алақандай облыстағы желі қолданушыларының көбісі Асқар Мырзахметовті қолдайтынын көрсетеді. Ал республикалық ақпараттық агенттіктер, сайттар мен әлеуметтік желідегі жазылған барлық жарияланымдарды есептеу үшін төрт күн табжылмай мониторинг жүргізу керек шығар…

Ал лайк басып, бөлісіп, таратып жатқан жекелеген азаматтардікін санау мүмкін емес ау…

Ақындардың біразы өлең де арнап үлгерген.

«Халықтың ризашылығынан асқан баға жоқ» деп өзі айтқандай Жамбылдың жұрты экс әкімін зор құрметпен шығарып салды деп ойлаймын.

Қайда жүрсеңізде осындай абырой биігінен түспеңіз Асқар аға!

 

Гульжан Байтанаева фейсбук парақшасынаң алынды

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер